Ассаляму алейкум уа рохматуллоһи уа баракатуһ.
Намаз бастағысы келген әпке-сіңіліліерім сұраған едіңіздерғой... Аллаһым тілеуіңізді қабыл етсін...
Жалғыз оқитын әйелдің ( қыз баланың) намазы
Мысалы таң намазының сүннетi былай оқылады:
1. Дене мүшелерін белгілі етпейтіндей қылып бастан аяққа дейiн жабылады. Тек қана алақандары мен жүзi ашық болады.. Қолдарын еркектер сияқты құлаққа апармайды, кеуде тұсына әкеліп, саусақтарының ұшын иық деңгейінде дейiн көтерiп. «Ниет еттiм Аллаһу та’аланың ризалығы үшiн бүгiнгi таң намазының сүннетiн оқуға, жүзiмдi қараттым қыблаға»– деп ниет еткен соң «Аллаһу әкбар» – деп екi қолды көкiрек үстiнде бір-бірінің үстіне қояды..
2. Қиямда тұрғанда көздер сәжде етiлетiн жерге қарайды және мына төмендегілер оқылады:
а) Субханака дұғасы
б) Аъузу – бисмиллаһтан соң Фатиха сүресін оқиды
в) Фатихадан соң бисмиллаһ оқылмай бiр зәм сүре (мысалы Фил сүресi) оқылады.
3. Зәм сүреден соң «Аллаһу әкбар» деп рукуға иіледі. Рукуде еркектердей түзу иілмейді, арқасын, басын, аяқтарын түзу ұстамайды. Еркектерден аз иіледі. Саусақтарын ашпай тізелерінің үстіне қояды және тізелерін біраз бүгіп тұрады. Көздер аяғының ұшына қарайды. Үш рет «Субхана раббиал азыйм» деп айтады. Бес немесе жетi рет айтуға да болады.
4. «Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» деп рукуден тұрып жатқанда көздер сәжде орнынан айырылмайды. Тiке тұрғаннан кейiн «Раббәна ләкәл хамд» деп айтады. (осы тік тұруға қаума делінеді).
5. Қаумада ұзақ тұрып қалмай «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барады. Сәждеге барарда ретiмен:
a) Оң тiзе кейін сол тiзе, оң қол кейін сол қол, мұрын сосын маңдай жерге қойылады.
б) Аяқ саусақтары қыбылаға қарап бүгiледi.
в) Бас екi қолдың арасына қойылады.
г) Қол саусақтарының арасы жабылады.
д) Алақан жерге қойылады, шынтақтары да жерге тиеді
е) Сәждеде аяқтар жерден көтірілмейді және көздер жұмылмайды.
ж) Осы халде үш рет «Субханә раббиял аъла» деп айтылады.
6. «Аллаһу әкбар» деп аяқтар оң жаққа шығарылып сол саны үстіне отырады. Қолдар тiзенiң үстiне қойылады, саусақтар арасы өз еркiне жiберiледi. Бұған жәлсе делінеді.).
7. Көп отырмастан «Аллаһу әкбар» деп қайта сәждеге барады. Тағы ең аз үш рет «Субханә раббиал аъла» дейді
8. «Аллаһу әкбар» деп орнынан тұрады. Сәждеден тұрар кезде қолдарымен жерден күш алуға және аяқтарды ары-бері қозғалтуға болмайды. Сәждеден тұрар кезде ең алдымен маңдай, мұрын, содан кейiн сол қол, оң қол содан соң сол тiзе содан соң оң тiзе жерден көтерiледi.
Аяқта тiк тұрғанда
а) Бисмиллаһ
б) Фатиха сүресі
в) зәм сүре мысалыға Ихлас сүресі оқылады.
9. Екiншi рәкат та бiрiншi рәкаттағы сияқты оқылады, тек екiншi сәждеден соң «Аллаһу әкбар» деп орнынан тұрмай, жоғарыда айтылғандай отырып:
а) Аттахияту, Аллаһумма салли, Аллаһумма барик, Раббана атина- дұғаларын оқиды. Кейін алдымен оң иыққа, сонан соң сол иыққа «Ассаламу алейкум уә рахматуллаһ» деп сәлем берумен намазын аяқтайды.
б) Сәлем бергеннен соң «Аллаһуммә әнтәс-сәлам уә минкас-сәлам табаракта я зәл жәлали уәл икрам»– деп сөйлеместен таң намазының парызын оқу үшiн орнынан тұрады. Өйткенi сүннет пен парыз намазының арасында сөйлеу намазды бұзбаса да сауабын азайтады.
Намаздан кейін үш рет «Астағфируллаһ» дегеннен соң «Аятул күрси» және отыз үш тәсбих (субханаллаһ), отыз үш тахмид (әлхамдүлиллаһ), отыз үш тәкбiр (Аллаһу әкбар) және бiр тахлил (Ла илаһә илләллаһу уаһдаһу ла шәрикә лаһ. Лаһул мүлкү уә лаһул хамду уа һуа ала кулли шайин қадир) оқылады. Бұларды әр кім өзі есітетіндей жай дауыспен оқиды