Әсерлі оқиға (Әлемді жылатқан оқиға)
Ертеде бір Хан ел билеген екен! Бір күні түсінен қатты шошып оянып кетеді. Таңертең уәзірді шақырып:
-Дайындал. Сарайдан сыртқа шығамыз- депті.
Екеуі қарапайым киiм киіп, ел арасын аралай бастайды. Бір Ауылға жеткенде, түсінде көрген жерін танып, тоқтайды. Адамдар көп, бәрі өз тіршілігін жасап жүр. Жерде бір адам өліп жатыр. Бiрақ оған мән беріп жатқан ешкім жоқ. Сонда Хан жергілікті адамдардан сұрапты:
- Ей Адамдар! Бұл кім? Неге бұлай тапталып қор болып жатыр?
- Бұл адам араққұмар біреу. Ол ешкіммен араласқан емес. Онымен 40 жылдан бері көрші тұрам. Бірақ көрші болып бас қосқан емеспіз. Өзі нағыз ағаш шебері. Таң атқаннан кешке дейін жұмыс жасайды. Бірақ тапқанына қай жерде арақ болса сатып алады. Тіпті үйіне жөзекшелерді әкетіп барa жатқанын көретінмін. Ешбір адамға жақсылығы тимеген. Сондықтан да осылай жатыр.
Адамдар жан-жаққа тарап кетті.
-Жүріңіз,Хан ием, бізде кетейік.
-Жоқ. Менің түсіме бұл адам неге кіргенін түсінбедім. Алла маған оны жерле деп аян етті. Мен Алланың қалауын орындаймын. Тек оны жуындыратын жер керек. Жүр оны Мешітке алып барайық.
-Мешітке алып барса, мешіттің Имамы оларды мешітке кіргізбейді.
-Бұл Адамды кіргізе алмаймын. Ол Аллаға қарсы шықты. Алла оның жазасын берді деп жолатпайды.
Хан оны көрші ауылдағы мешітке алып барады.
Ол мешіттің Имамы оны көргенде жылай бастайды.
Сонда Хан:
-Сіз оны таныйсыз ба?
- Ия. Ол өте жақсы адам еді. Намазын уақытында оқып, Алланың жолында жүрген адам болатын- дейді.
Үшеуі оның жаназасын шығарып жерлейді.
Хан "неге әр адам ол жайында әр түрлі пікір айтады? Ол шын мәнінде қандай адам?"-деп қызыға бастайды. Сұрастырып оның үйін тауып барады. Есікті бір әйел ашады. Хан оған күйеуiн жерлеп келгенін барлық мән-жайды айтады. Әйел көзіне жас алады.
- Сіздің жолдасыңыз қандай адам еді?
-Мен онымен мақтанам! Ол өз жанын Алланың жолында құрбан етті.
- Бірақ көршілеріңз теріс пікірде. Олардың айтуы бойынша араққұмар, қатынқұмар болған екен. Ешбір адамға көмегі тимеген деп наразы.
-Мырза олар жолдасым қандай жақсылық жасағанын қайдан білсін! Ия ол арақ бар десе жанын беріп болса да сатып алатын. Бiрақ өзі ішкен емес! Өзгелер ішпесін деп ауылдағы бүкіл арақты сатып алып, әкеп дәретханаға төгетін.
-Ия, ол жөзекшелерді үйге әкелетін. Бірақ олармен бірге болған емес. Өзгелер олармен бірге болып, күнәға батпасын деп, оларды үйге әкелетін. Мен сендердің уақыттарыңды сатып алдым. Ол уақытты қалай өткізсем де өз еркім дейтін. Түніменен оларға Алланы насихаттап, имандылыққа шақыратынбыз. Соның арқасында жеңіл жүрісті әйелдер біршама азайып қалған еді.
-Бірақ неге көршілерге ештеңе айтпаған?
-Мен оған қаншама рет айттым. Елге шыныңды айт. Олар теріс пікірде. Ертең біз дүние салсақ кім жерлейді?-деп.
Бірақ ол тыңдамады.
-Менің жақсылығымды Алла көріп тұр. Маған сол жеткілікті. Адамдар қалай ойлатынында шаруам жоқ. Ең бастысы Алланың алдында арым таза. Адамдарға айтып олардың қошеметіне ие болу мен үшін қажет емес. Ақыретте Алланың қошеметі қажет. Сені кім жерлейді деп қорықпа. Алла сүйген құлын ешқашан ит-құсқа жем етпейді. Мен Аллаға сенем. Егер Алладан Әмір келіп жатса, тіпті Ханның өзі жерлеуі мүмкін- деп күлетін. Ол намазын көрші ауылдағы Мешітке барып оқитын. "Неге өзіміздің ауылдағы Мешітте оқымайсың?"-десем,
- Бар жан-тәніммен Аллаға берілген Имамның артында тұрып намаз оқып жатып, көзімді жұмғанда Қағба көрінгендей болады дейтін!
Бұдан шығар қорытынды, жүрегі "Алла" деп соққан пендесін, Раббымыз ешқашан да тозақтық етпейді!
Алланың тиғандарынан тиылып,тек сауап іс жасап, Жәннаттық болуды баршамызға нәсіп етсін!